
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кадрлық құрамы 2018 жылғы 18-20 қыркүйек кезеңінде демеушілік ететін Астана қаласының балалар үйінде және «Мамандандырылған бала үйінде» бірқатар іс-шаралар өткізді.
2018 жылғы 18 қыркүйекте ҰҚК өкілдері Астана қаласындағы балалар үйінде жаңа білім беру орталығының ашылуына қатысты. Аталған Орталық балаларды қосымша білім алуға дағдыландыру, одан әрі білім беру мекемелеріне түсу үшін тәрбиеленушілердің дайындық деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Осы іс-шара шеңберінде балалар үйінің тәрбиленушілерімен бірге әртүрлі спорттық сайыстар өткізілді.
2018 жылғы 20 қыркүйекте Кадрлар департаментінің қызметкерлері «Қуан сәби» мерекелік іс-шарасына қатысты. Іс-шараның мақсаты – ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың проблемаларына немқұрайлы қарамайтын барлық адамдарды тарту.
ҚР ҰҚК баспасөз қызметі