Ату жаттығулары өткізілді

Ату жаттығулары өткізілді

Қызметкерлердің қалыптасқан оң практикалық дағдыларын және ұдайы жауынгерлік әзірлікті ұстау қажеттілігін ескере отырып, атыс қаруымен жұмыс істеу деңгейін арттыру, жаңа сапалы білім алу мақсатында ҰҚК Кадрлар департаменті жеке құрамның жедел-жауынгерлік даярлығын ұйымдастыру бойынша іс-шаралар өткізді.

Сонымен, 2018 жылғы 19-21 қыркүйекте арнайы оқу-жаттығу орталығында Астана қаласында орналасқан ҰҚК құрылымдық бөлімшелерінің жеке құрамымен атыс қаруынан практикалық оқ ату мен матч-семинар өткізілді.

Сабақтар шеңберінде атыс жаттығуын жүргізу әдістемесі пысықталды.

Семинар соңында қысқа ұңғылы және ұзын ұңғылы қарудан үш атыс жаттығуы бойынша матч өткізілді.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі