Қазақстан халқы тілдерінің күнін мерекелеуге арналған «Тіл шебері – 2018» байқауы туралы

Қазақстан халқы тілдерінің күнін мерекелеуге арналған «Тіл шебері – 2018» байқауы туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Орталық аппаратында Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және Қазақстан халқы тілдерінің күнін мерекелеу аясында «Тіл шебері – 2018» байқауы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – ҰҚО жүйесінде үштілділікті насихаттау мен дамыту, сондай-ақ кеңінен қолдану.

Байқауға мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін меңгеру деңгейін анықтау мақсатында Комитет құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарының өкілдері қатысты, ол үш турдан тұрды:

«Мәдениеттаным», мемлекеттік тілде қазақ халқының дәстүрі мен мәдениетін түсіндіру.

«Ұлттаным», орыс және ағылшын тілдерінде қазақ халқының тарихы мен еліміздің көрнекті тұлғаларының еңбектерін түсіндіру.

«Өнертаным», әлем халықтарының жаңылтпаштарының мазмұнын үш тілде тыңдаушыларға жеткізу.

Байқаудың нәтижелері бойынша тәуелсіз төрешілер «Тіл шебері – 2018» іс-шарасының жеңімпаздарын анықтады.

                                                               

ҰҚК баспасөз қызметі