
2018 жылғы 17 қарашада Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының бастауымен Алматы қаласының Халықаралық әуежайының аумағында «Дабыл-Антитеррор - 2018» республикалық жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді.
Міндеттерді пысықтау шеңберінде Алматы қалалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабының бөлінген жедел топтарының дайындығы, сондай-ақ олардың өзара іс-қимыл жасау деңгейі тексерілді.
Әуежай қызметтерімен бірлесіп, көлік объектілерінде кепілдегілерді босату және террористерді залалсыздандыру бойынша арнайы операция жүргізу кезіндегі іс-қимыл алгоритмі қосымша пысықталды.
ҚР ҰҚК баспасөз қызметі