Е. Куншугаровты эксрадициялау туралы

Е. Куншугаровты эксрадициялау туралы

2018 жылғы 16 қазанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Бас прокуратура қызметкерлері 2011 жылдан бастап, террорлық акт дайындау және террорлық әрекетке қатыстылығы бойынша күдікті ретінде іздестірілген Қазақстан азаматы Елдос Куншугаров Стамбұлдан Атырауға жеткізілді.

Қазіргі уақытта оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Куншугаровтың құрықталуы мен экстрадициясы ҰҚК, Бас прокуратура және Сыртқы істер министрлігімен өзара бірлескен жұмыс, сондай-ақ түркиялық серіктестер және Интерпол бюросымен тығыз әрекеттесу нәтижесінде мүмкін болды.

Белгілі болғандай, ол 2008 жылы ауған-пәкістан аумағына шығып, сол жерде Атырау қаласында 2011 жылғы қазанда болған екі жарылысқа жауапты «Джунд аль-Халифат» террористік тобын құруға қатысқан.

2013 жылы заңсыз Сирияға өтіп, «Джабхат ан-Нусра» террористік ұйымының қатарына кірді. 2015 жылдан бастап, Түркияда жасырынып жүрді. Сол жерде анықталып, ұсталды.

Бұдан бұрын, 2013 және 2017 жылдары, тиісінше шетелде «Джунд аль-Халифат» ұйымының белсенді мүшелері Орынбасар Мунатов пен Дамир Зналиев құрықталып, Қазақстанға қайтарылған болатын. Әрқайсысы 20 жыл мерзімге бас бостандықтарынан айырылды.

 

ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі