ҰҚК Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті ү.ж. 9 қарашасында ШҚО, Жарма ауданының әкімі Н. Сыдықовты кәсіпкер «Л»-дан жер телімін ұзақ мерзімді жалға беру құқығын қайта ресімдеу мәселесін оң шешу үшін 800 мың теңге пара алды деген күдікпен ұстады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабы, 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейін тергеп-тексеру басталды. Н. Садықов уақытша ұстау изоляторына қамалды.
ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі
