
Ағымдағы жылғы 14 қазанда Ақтау қаласында ҚР Терроризмге қарсы орталығы штабының үйлестіруімен ҚР Президентінің 24.06.2013 жылғы № 587 «Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, аудандық жедел штабтар туралы ережені бекіту туралы» Жарлығына сәйкес құрылған Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Теңіз жедел штабының қызметін ұйымдастыру мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті.
Теңіз жедел штабының жұмысына облыстық Террорға қарсы комиссиясының төрағасы – Маңғыстау облысының әкімі Е.Л.Тоғжанов, ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары генерал-лейтенант А.Т.Садықұлов сонымен қатар, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің орталық және аумақтық органдарының, «А» АМҚ, ҰҚК Шекара қызметінің, басшылары, Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Төтенше жағдайлар комитеті мен ҚР Ұлттық Ұлан басшылары қатысты.
Кеңес барысында Каспий теңізі аумақтық қайраңында террористік сипаттағы болуы мүмкін қауіптерге қарсы әрекет етуді қамтамасыз ету бойынша ведомствоаралық өзара әрекеттесу мәселелері талқыланып, шешімдер қабылданды.
Шара соңында кеңес қатысушылары Теңіз жедел штабының құрамындағы күштер мен құралдарын қарап шықты.
ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі