
21 желтоқсанда ҚР ҰҚК Төрағасы К. Мәсімов «Назарбаев зияткерлік мектебінде» болды, онда Қазақстан жауынгерлік өнер қауымдастығының бастамасымен жас каратэшілерге арналған мастер-класқа осы құрылымның президенті ретінде қатысты.
Осындай деңгейдегі іс-шара елімізде бірінші рет өткізіліп отырғанын атап өту маңызды.
Жарыс қорытындылары бойынша халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне жапондық атаулы қара белдіктер (I және II дан шеберлік дәрежелері) тапсырылды.
ҚР ҰҚК баспасөз қызметі