«Қазгидромет» РМК басшыларының ұсталғандығы туралы

«Қазгидромет» РМК басшыларының ұсталғандығы туралы

Үстіміздегі жылдың 17 қаңтарында Ұлттық қауіпсіздік Комитеті жүргізген шаралар нәтижесінде «Қазгидромет»   РМК-ның бірқатар басшылары ҚР ҚК 366-бабы 4-тармағымен көзделген қылмысты жасады деген күдікпен ұсталды.

Қазірге кезде жедел-тергеу шаралары жүргізілуде. Басқа ақпарат тергеу мүддесінде жарияланбайды.

 

ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі