
«Қорғас» шекаралық бақылау отрядының аумағындағы Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығында шекарашылар Қазақстанға кіре беріс залдан жалпы салмағы 209 кг иесіз жүк тауып алды. Рұқсат қағаздары жоқ жүк түгелімен Қытайда шығарылған дәрі-дәрмек екен. Тауар иесі, жақындап келе жатқан шекарашыларды көрген кезде жүгін тастай салып, тайып отырса керек. Табылған дәрі-дәрмек актіленіп, «Алтынкөл» кеден бекетіне тапсырылды.
ҚР ҰҚК баспасөз қызметі