БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

8 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Орталық Азия елдерінің бірінен азаматтар тобының халықаралық террористік ұйымдарға қатыстылығын тексеру жөніндегі жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ІІД-нің күштерін қатыстырумен Петропавл қаласында бес адамды ұстады.

Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктер халықаралық террористермен байланысы бар деп күдіктенуде.

Көрсетілген адамдарды серіктес мемлекеттің құқық қорғау органдарына беру туралы мәселе шешілуде.