Радикалды діни топ әрекетінің жолы кесілді

Радикалды діни топ әрекетінің жолы кесілді

2018 жылғы 25 маусымда Орал қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің күшімен радикалды діни топ әрекетінің жолы кесілді.

 Арнайы операция жүргізу барысында 8 топ мүшесі ұсталды, атыс қаруы, оқ-дәрілер және діни материалдар алынды.

Көрсетілген адамдар Қазақстан аумағында бірқатар террористік актілер жасауға дайындалған, терроризмді насихаттаған, сондай-ақ мүліктік қылмыстар жасаған деп күдіктелуде.

Осы фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі