
2018 жылғы 23 маусым – 1 шілде аралығында Астана қаласында Елорданың 20 жылдығына және Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының құрылған күніне арналған ҚР арнаулы және құқық қорғау органдары мен қуатты құрылымдар (ҚР ҰҚК, ҚР ҰҚК ШҚ, ҚР ІІМ, ҚР ҚМ, ҚР МКҚ, ҚР ҚМ МКК) арасында футболдан Төраға кубогі үшін республикалық турнир өтті.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің командасы турнирдің жеңімпазы атанды, екінші орынды – Мемлекеттік күзет қызметінің, үшінші орынды – Ішкі істер министрлігінің командалары иеленді. Жеңімпаздар кубоктармен, медальдармен және грамоталармен марапатталды.
Мемлекеттік органдардың басшылары, ардагерлер, «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілері және т.б. құрметті қонақ ретінде шақырылды.
Спорттық іс-шараларды өткізуге Астана қаласы дене шынықтыру мәдениеті және спорт басқармасының, ҚР Футбол федерациясының жұмыскерлері белсене қатысты.
ҚР ҰҚК баспасөз қызметі