
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінде ү.ж. 9-11 шілде күндері аралығында ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің күнін мерекелеуге арналған ҰҚК орталық аппаратының музейінде ашық есік күндері өткізілді.
Музей қонақтарына отандық арнаулы қызмет іс-қимылдарының негізгі бағыттары, оның тарихы мен жетістіктері туралы ақпаратпен стендтер көрсетілді.
Сонымен қатар музейде ҰҚК қалыптасуы мен дамуындағы Елбасының рөлі туралы мәліметтер, нысаналы киімнің және атыс қаруының үлгілері ұсынылды.
Музейдің жеке бөлімдері ҰҚК-нің ардагерлік ұйымдармен және қамқорлықтағы балалар үйімен жұмыс бойынша қызметін көрсетеді.
ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі