ҰҚК Академиясы жиырмасыншы түлектерін шығарып салды

ҰҚК Академиясы жиырмасыншы түлектерін шығарып салды

2018 жылғы 27 шілдеде ҚР ҰҚК Төрағасы Кәрім Мәсімов, ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагерлері және ата-аналардың қатысуымен ҰҚК Академиясында тыңдаушыларды шығарып салудың кезекті салтанаты іс-шарасын өткізді.

Бітірушілерге алғашқы «ұлттық қауіпсіздік лейтенанты» офицерлік атағы берілді.

ҰҚК Төрағасы К.Мәсімов жас лейтенанттарға: нақ сіздердің қызметтеріңізбен қазақстан қоғамындағы – кіршіксіз адалдық және шексіз ерлік, жоғары кәсібилік, Отан алдындағы парыз жолында батыл және жанын қиюға дайын ҰҚК офицері бейнесі байланысты болатынын баса айтты.

Академияның пофессорлық-оқытушы құрамына кадрларды дайындауға, көпсалалы жоғарғы оқу орнының қалыптасуы мен дамуына қатысқан барша адамдарға  алғыс білдірді.

Іс-шара бітірушілердің салтанатты маршымен және «Мен қазақпын» әнінің орындалуымен аяқталды.

 

ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі