
2017 жылғы 12 қаңтарда Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 185-бабы 1, 3-бөлігінде көзделген(«Мемлекеттiк құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария ету») қылмыстарды жасады деген күдікпен ҚР Президенті Әкімшілігінің қызметкерлері болған Б. Майлыбаев және Н. Галихин ұсталды.
14 қаңтарда Астана қаласы, Есіл аудандық соты 2 ай мерзімге қамауға алу санкциясын берді.
Аталған тұлғалар Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес ҰҚК Тергеу изоляторына қамауға алынды.
Күдіктілердің және олардың туыстарының тұрғылықты жерлері бойынша тінтулер жүргізілді, заттай дәлелдемелер алынды.
Тергеп-тексеру жалғасуда, оның барысы және нәтижелері жөнінде қосымша хабарланатын болады.
Қазақстан Республикасының ҰҚК Баспасөз қызметі