Заңсыз ойын бизнесiнiң жолын кесу туралы

Заңсыз ойын бизнесiнiң жолын кесу туралы

Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң жедел қызметкерлері мен шекарашылары Қаржы мониторингi агенттiгiмен бiрлесіп, «Қорғас» ШЫХО-ның қазақстандық бөлiгiнде жұмыс iстеген
8 жасырын казино әрекетінің жолын кестi.

2024 жылғы 18 шілдеде осы әрекетке қатысы бар деген күдікпен 32 шетелдік және 6 республика азаматы ұсталды.

Тінту барысында ойын автоматтары мен үстелдер, құмар ойындарын ұйымдастыруға арналған техникалық жабдықтар, сондай-ақ көп мөлшерде ақшалай қаражат алынды.

Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Қылмыстық кодекстің 307-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды.

 

ҰҚК баспасөз қызметі