Темекі өнімдерінің ірі партиясын алып кетуге жол берілмеді

Темекі өнімдерінің ірі партиясын  алып кетуге жол берілмеді

2020 жылғы 23 маусымында қазақстандық шекарашылар «Қайрақ» автомобиль өткізу пунктінде (Қостанай облысы) Қазақстаннан Ресей Федерациясына темекі өнімдерінің ірі партиясын (темекі стикалары - 60 500 қорап) алып кетуге жол бермеді.

Темекі өнімдерін акциздік маркаларсыз электржабдықтарға арналған ілеспе құжаттар бойынша шығаруға тырысты.

Бұл қазақстан-ресей Мемлекеттік шекарасы арқылы темекі өнімдерін заңсыз өткізудің бірінші әрекеті емес екенін атап өткен жөн.

Ұсталған өнім жиыны Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне тапсырылды.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі