Контрабандалық жүкті кіргізудің алды алынды

Контрабандалық жүкті кіргізудің алды алынды

2020 жылғы 11 маусымда Қазақстан шекарашылары  «Қарасу» автомобиль пунктінде (Жамбыл облысы) Қырғызстаннан Қазақстанға ірі темекі партиясын (шамамен 400 000 пачка) контрабандалық жолмен кіргізудің алдын алды.

Ұйымдастырушылар темекі бұйымын тауық еті тиелген жүкке жасырған.

Темекіге рұқсат құжаттары мен акциз маркалары болмай шықты.

Бұл Қырғызстан аумағынан тауар-материалдық құндылықтарды заңсыз шығарудың алғашқы көрінісі емес екенін атап өту керек. 

Ұсталған темекі партиясы Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне тапсырылды.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі