Ірі есірткі партиясын алу туралы

Ірі есірткі партиясын алу туралы

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ірі есірткі партия контрабандасы арнасының жолын кесті.

2024 жылғы 18 қаңтарда рейдтік іс-шаралар барысында Қазақстан-Ресей шекарасынан өтпекші болған  жүк автокөлігінде халық тұтынатын тауарларға жасырылған шамамен 100 кг есірткі заты табылып, алынды.

Осы фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді.    

 

ҰҚК баспасөз қызметі