ҰҚК Шекара қызметі «Жас шекарашы» сыныбының алғашқы кадет түлектері

ҰҚК Шекара қызметі «Жас шекарашы» сыныбының алғашқы кадет түлектері

2020 жылғы 3 маусымда Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр елді мекенінің № 38 мектеп-гиназиясының негізінде 19 оқушыдан тұратын (12 ұл, 7 қыз) «Жас шекарашы» сыныбының алғашқы кадет түлектері шығарылды.

2014 жылғы қыркүйекте құрылған сәтінен бастап осы сыныпқа ҰҚК ШҚ Қызметтік кинология басқармасы қамқоршылық етті, оның қызметкерлері күн сайын қосымша факультатив сабақтар өткізіп отырды. Оқушылар саптық, ату, тактикалық, медицина-санитарлық даярлық, әскери топография, РХБҚ, жекпе-жек ұрыс, шекара ісі, із кесу және қызметтік кинология негіздерін зерделеді.

Оқу жылы аяқталысымен, түлектер үшін қамқоршылық ететін  Шекара қызметінің әскери бөлімі негізінде 5 күндік әскери-далалық жиындар өткізіліп, оның барысында балалар оқылған пәндерден белігілі бір нормативтерді орындау бойынша өздерінің теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын тексерді.

Кадеттер сыныбының ерекшелігі оның біржолғы сипатта болмай, тұрақты жұмыс істеуі болып табылады.

Одан басқа, осы бағдарлама бойынша оқуға ниет білдіргендер саны жыл сайын артып келеді. Қазіргі күні жеті кадет сыныбы жұмыс істейді, оның 3 сыныбы мемлекеттік тілде оқытады. Кадеттер қозғалысы тәжірибесі Қазақстанның басқа да өңірлерінде қолданылуда.

Жекелеген түлектер оқуларын ҰҚК Шекара академиясында жалғастыратын болады.

 

 ҚР ҰҚК баспасөз қызметі