
ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Жамбыл облыстық департаментінің шекара наряды 2020 жылғы 18 мамырда қазақстан-қырғыз шекарасы учаскесінен адамның ізін анықтаған. Іздеу операциясы барысында «К.» деген азамат ұсталды.
Тергеу іс-қимылдарын өткізу кезінде ұсталған азаматтың ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүргені белгілі болды.
Тергеу амалдарын одан әрі жалғастыру үшін күдікті ішкі істер органдарына тапсырылды.
ҚР ҰҚК баспасөз қызметі