Шекарашылар декларацияланбаған ақша қаражатын алып өтпек болған азаматты ұстады

Шекарашылар декларацияланбаған ақша қаражатын  алып өтпек болған азаматты ұстады

ҚР ҰҚК ШҚ Алматы облысы бойынша департаментінің «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасы 2020 жылғы 18 мамырда ҚХР-на кетіп бара жатқан ҚР азаматын ұстады. Заң бұзушы азаматтан қызметтік иттің көмегімен 49 244 АҚШ доллары мөлшеріндегі ақшалай қаражат табылды.

Қазіргі уақытта ұсталған азамат «Нұр жолы» кедендік бекеттің қызметкерлеріне тапсыпрылды.

ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі