Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету бойынша ҚР ҰҚК ШҚ нәтижелері

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету бойынша ҚР ҰҚК ШҚ нәтижелері

2020 жылғы 16 наурызынан бастап төтенше жағдай кезінде мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібі анықталды. Шекара арқылы кіруге және шығуға шектеулер енгізілді. Кедендік және санитарлық қызметпен өзара іс-қимылда жұмыс толық дайын режимінде жүргізілді. Барлық өткізу пункттерінде аурудың белгілері бар азаматтар үшін бөлек жолдар бөлінген.

Әуе кемелерінің 1 санаттағы елдерден келуі және ауру белгілері бар жолаушылар болған бойынша (СЭС ақпараты бойынша) ерекше шекаралық бақылау орнатылды.

2020 жылдың 22 наурызынан бастап әлеуметтік маңызы бар өнімдерін үшінші елдерге экспорттауға тыйым салуды бақылау басталды

Төтенше жағдай кезінде шекара арқылы:

барлығы - 590 854 адам (ҚР - 260 547, шетелдіктер - 330 307);

кіру үшін - 282 589 адам (ҚР - 162 800, шетелдіктер -119 789);

жөнелтуге - 308 265 адам кетті (ҚР - 97 747, шетелдіктер - 210 518).

Өткізілген жүк көлік құралдары:

барлығы - 238 880 (ҚР - 115 048, шетелдік КҚ - 123 832);

кіру үшін - 117 997 (ҚР - 56 872, шетелдік КҚ - 61 125);

жөнелтуге - 120 883 (ҚР - 58 176, шетелдік КҚ - 62 707).

Қазақстан Республикасынан 5,7 млн. жуық медициналық бетперде, 36 мыңнан астам респираторлар, 5,7 мың қорғаныс костюмдері және 480 қорғаныс көзілдірігі, 3,9 млн. дана медициналық қолғаптарды шығару фактілері анықталды.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі