Аумақтық суларда шетел азаматтарын ұстау туралы

Аумақтық суларда шетел азаматтарын ұстау туралы

ҰҚК ШҚ Маңғыстау облысы бойынша департаменті 2020 жылғы 30 сәуірде Қазақстанның аумақтық суларында түнгі патрульдеу барысында  бұзушы-кемені анықтаған. Халықаралық заңнамада көзделген тоқтау туралы визуалдық және дыбыстық командаларды бергеннен кейін, кеме жылдамдығын ұлғайтып және бағдарын өзгертіп теңіз шекарашыларынан қашуға әрекет жасаған.

 Шекара қызметі қызметкерлерінің кемені тоқтату туралы талаптарына бағынудың белгісі байқалмаған соң, жоғарыға және қозғалтқышқа оқ атылды.

 4 шетел азаматы ұсталды және қозғалтқыштардан рикошет нәтижесінде қажет болған алғашқы медициналық жәрдем көмек көрсетілген.  

Қазіргі уақытта шұғыл тергеу амалдары жүргізілуде.

 

ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі