Бос лауазымдарға орналасуға хабарландыру

Бос лауазымдарға орналасуға хабарландыру

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Мемлекеттік техникалық қызмет» шаруашылық  жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі-Кәсіпорын) директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Кәсіпорынның байланыс деректері: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, «Есіл» ауданы, Мәңгілік ел көшесі, 55 «В» үй, телефон нөмірлері +7 (7172) 55 99 22, 55 81 15, info@sts.kz.

Конкурс 2020 жылғы 12 мамырда мына мекенжай бойынша өткізіледі: 010000, Нұр-Сұлтан қ., Сығанақ к., 20, 320 кабинет, анықтама үшін телефон нөмірлері: +7 (7172) 76 58 10, 76 58 35.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты мемлекеттік монополияға жатқызылған ақпараттандыру және байланыс салаларында бәсекелестік нарықта іске асырылуы ұлттық қауіпсіздіктің жай-күйіне жағымсыз әсер етуі мүмкін жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру болып табылады.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар

 

1) жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) техникалық не заңгерлік, немесе экономикалық, не гуманитарлық білім. «Іскерлік әкімшілік магистрі» дәрежесінің немесе басқару (менеджмент) саласында қосымша білімнің болуы.

2)  экономика саласының кәсіпорын бейініне сәйкес басшылық лауазымдарда мамандығы бойынша 5 жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы;

3) Қазақстан Республикасының Конституциясын,  Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы», «Ақпараттандыру туралы», «Байланыс туралы», «Телерадио хабарларын тарату туралы» заңдарын білу.

Бұқаралық ақпарат құралдары, телерадио хабарларын тарату, Интернет желісін реттеу саласында қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ негізгі мемлекеттік стратегиялық құжаттарды білу қажет.

4) функционалдық міндеттері: заңнамаға сәйкес Кәсіпорынның өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін, Кәсіпорынның жұмысын жоспарлау мен ұйымдастыруды және оның тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етуді басқару, қабылданатын шешімдердің орындалуын, Кәсіпорын балансындағы мүліктің сақталуы мен тиімді пайдаланылуын, сондай-ақ оның қызметінің қаржы-шаруашылық нәтижелерін, талдау мен болжауды, олардың салдарларын, міндеттердің аражігін ажыратуды, Кәсіпорынның қызметін жоспарлауды қамтамасыз ету және жан-жақты бақылауды жүзеге асыру, іскерлік келіссөздер жүргізу, ашық сөз сөйлеу, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі жұмысты, нормативтік құқықтық актілердің іс жүзінде қолданылуын ұйымдастыру, ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттарды әзірлеу, соттарда, мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда Кәсіпорынның мүдделерін қорғау және білдіру.

Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді беру мерзімі 2020 жылғы 27 сәуірде басталады және конкурс өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастырылған күнінен бастап күнтізбелік он бес күн өткен соң аяқталады.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:

  1. конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
  3. еркін нысанда жазылған өмірбаян;
  4. білім туралы құжаттардың көшірмелері;
  5.  еңбек кітапшасының (болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі, не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылдау  және еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірмелер;
  6. белгіленген нысандағы денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Сонымен қатар, конкурсқа қатысушылар өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат бере алады (біліктілікті арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың, алдыңғы жұмыс орнынан басшылықтың ұсынымдары және т.б.).

Келесі тұлғалардың конкурсқа қатысуына жол берілмейді:

  1. он сегіз жасқа толмаған;
  2. бұрын жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
  3. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
  4. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге жағдайлар.

 

ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі