Браконьерлердің заңсыз әрекетінің алдын алу жөнінде

Браконьерлердің заңсыз әрекетінің алдын алу жөнінде

ҰҚК Шекара қызметінің Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық бөлімшелері заңсыз балық аулауды кәсіп қылған браконьерлердің құқыққа қайшы әрекетінің алдын алу бойынша көлемді операция өткізуде.

2020 жылғы 1-24 сәуір аралығында теңізші-шекарашылар Каспий теңізінің аумақтық суларында 33 шағын жүзу кемелеріндегі 57 құқық бұзушыны ұстады.190 километрден астам браконьерлік сеткілер, «каллада» тәрізді қармақты торкөздерді тәркіледі.

Жедел іс-шаралардың нәтижесінде 1 239 915 тенге сомасындағы айыппұл салынды. Барлығы 679 бекіре и 4 235 ерекше асыл тұқымды балықтардың түрлері теңізге жіберілді. Мемлекетке  1 млрд теңгеге жуық шығын келтірудің алдын алды..

Теңіз шекарашыларының операциясы жалғасуда.

 

ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі