
2020 жылғы 10 сәуірде Атырау облысының ҰҚК департаменті және прокуратурасының бірлескен тергеу-жедел тобы заңсыз балық аулау және контрабандаға қарсы жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу шеңберінде Атырау қаласының «Р» деген тұрғынын ұстады. Оның тұратын жерінен және автомашинасынан ірі көлемдегі бекіре тұқымдас балық уылдырығы, навигациялық жабдықтар, спутниктік телефон, сондай-ақ ақша қаражаттары алынды.
ҚР ҰҚК облыстық департаменті аталған факті бойынша ҚР ҚК 2-бөлігі 339-бабы (қызметтік жағдайын пайдаланумен сирек және жоғалудың алдында тұрған жануарларды, олардың бөлшектерін немесе өнімдерін заңсыз аулау, сатып алу, сақтау, енгізу, шығару, тасымалдау немесе жою) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Ұсталған адам Атырау облысы бойынша Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тергеу іс-шаралары жүргізілуде.
ҚР ҚПК 1-бөлігі 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді.
ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі