Еліміздің аумағында енгізілген төтенше жағдайлар кезеңінде Қазақстан Республикасының Мемлкеттік шекарасынан өту тәртібі

Еліміздің аумағында енгізілген төтенше жағдайлар кезеңінде Қазақстан Республикасының Мемлкеттік шекарасынан өту тәртібі

Еліміздің аумағында енгізілген төтенше жағдайлар кезеңінде Қазақстан Республикасының Мемлкеттік шекарасынан өту тәртібі

 

  1. Төтенше жағдайлар кезеңінде 2020 жылғы 16 наурыздан бастап ерекше өкім берілгенге дейін Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетел азаматтарына (Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ адамдар) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтуге, төменде көрсетілген тұлғаларды қоспағанда шектеу қойылады:

 

1) еліміздің және шет мемлекеттердің дипломатиялық қызмет персоналдары;

2) Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің шақыртуымен Қазақстанға келе жатқан ресми делагациялардың өкілдері, сондай-ақ халықаралық ұйымдар делегацияларының өкілдері;

3) Қазақстан Республикасы мүше болып табылатын, шет мемлекеттердің аумағында орналасқан, халықаралық ұйымдардың қызметкерлері болып есептелетін Қазақстан Республикасының азаматтары – қызметкер мәртебесін растаған кезде;

4) Пойыздардың және локомотивтік бригадалардың мүшелері, әуе және теңіз кемелерінің экипаждары, сондай-ақ халықаралық қатынастарға жүк тасымалдауды жүзеге асыратын пойыздарға, теміржолдық жүк тасымалы процестеріне, жүктерге ілесіп жүру және қабылдау, тапсыру операцияларына қатысатын тұлғалар;

5) қазақстандық авиакомпаниялардың қызметкері болып табылатын шетелдіктер (ұшқыштар мен инженерлік құрам), қазақстандық авиакомпаниялардың қызметкері мәртебесін растаған кезде;

6) қазақстандық авиакомпаниялардың қызметкері болып табылатын шетелдіктердің отбасы мүшелерін (туысқандық байланыс фактісін растаған жағдайда – күйеуі (әйелі) және олардың балалары), санитарлық-карантиндік қағидаларды сақтаумен 30 тәулікте 1 реттен көп емес;

7) Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік трансшекаралық ғимараттарға қызмет көрсететін персоналдарды және көршілес мемлекеттің аумағында орналасқан қазақстандық трансшекаралық ғимараттарға қызмет көрсететін персоналдарды, қызметтік міндеттерін орындау үшін – жұмысшылардың ат-жөні көрсетіліп расталған тізім болған кезде;

8)  [1]Қазақстан Республикасынан жалға алынған аумақтарда орналасқан өндірістік кәсіпорындардың және әскери құралымдардың, бөлімшелердің құрамына кіретін Ресей Федерациясының азаматтары мен олардың отбасы мүшелерін (күйеуін (әйелін), олардың ата-аналары мен балаларын), әскери құралымға (бөлімшеге, өндірістік кәсіпорынға) жататынын және туысқандық байланысын растаған кезде;

9) «Байқоңыр» кешені мен Байқоңыр қаласының аумағында тұратын Ресей Федерациясының азаматтырын және олардың отбасы мүшелірін – міндетті түрде мемлекеттік органдарда және «Байқоңыр» кешенінде қолданылатын өзге де ұйымдарда жұмыс/қызмет атқаратынын растайтын құжат/құжаттар көрсеткен кезде, сондай-ақ Байқоңыр қаласында тұрақты немесе уақытша тіркеуде тұрғандарды;

10) Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттің Үкіметаралық фельдъгерлік байланыс қызметкерлерін, қызметкер мәртебесін растаған кезде;

11) Бұдан бұрын шет мемлекеттің аумағына шығып кеткен Қазақстан Республикасының азаматтарын Қазақстан Республикасына қайта оралған кезде;

12) Басқа мемлекетте тұрақты тұратын және/немесе көші-қон визасы бар Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасынан шығар кезде;

13) Шетелге емделуге бара жатқан Қазақстан Республикасының азаматтары денсаулық сақтау мекемелерінің растайтын құжаттарын көрсеткен кезде (ілесіп жүрушілер екі адамнан көп емес), келесі құжаттары бар болса:

 

«Денсаулық сақтау ұйымдарындағы бастапқы медициналық құжаттамалық нысанды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін уақытша атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген 035-1/у нысанына сәйкес диагнозы мен емделу шұғылдығын растайтын аумақтық амбулаторлық емханалық ұйымдардың дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қорытындысы;

шетелдік медициналық ұйымының емдеуге шақыру хаты, нотариалдық куәландырылған аудармасымен;

 

14) Шет мемлекеттің ықтиярхаты немесе олардың аумағында уақытша тұруға рұқсаты бар Қазақстан Республикасының азаматтарын – 30 тәулік ішінде 2 реттен көп емес;

15) Қазақстан республикасының аэропорттарынан туристік жолдамалар арқылы демалуға бұрын ұшып кетіп, сол елдердің елшіліктерінің атсалысуымен және келісуімен одан әрі өз елдеріне автомобильдік көліктермен кету мақсатында демалыстан соң Қазақстан республикасының аэропорттарына қайта оралған  шетелдіктер;

16) Қазақстан Республикасына әуе өткізу пункттері арқылы келіп, қажетті санитарлық-эпидемиологиялық іс-шараларды өткізген соң өз елдерінің Елшілік және консульдық мекемелерінің қатысуымен одан әрі өз елдеріне ұшуға немесе автомобильдік өткізу пункттері арқылы кету үшін келген Ресей Федерациясының, Қырғыз Республикасының және Өзбекстан Республикасының азаматтары;

17) отбасы мүшелерін және жақын туысқандарын жерілеуге бара жатқан тұлғаларды (ата-анасы, балалары, асырап алушы ата-ана, асырап алынған бала, туған немесе жартылай туысқан аға-інілер мен әпке-сіңілілер, ата, әже, немерелер) растайтын құжттары бар болған кезде, сондай-ақ отбасы мүшелерінің және жақын туысқандарының денесін (күлін) жерілеуге алып бара жатқан тұлғалар;

18) Қазақстан Республикасының аумағына бұрын келген шетелдіктердің елден шығуы үшін (шет мемлекеттерден азаматтығы жоқтығын куәландыратын құжат алған азаматтығы жоқ тұлғалар);

19) Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктер (азаматтығы жоқ тұлғалар) және олардың отбасы мүшелері (күйеуі, әйелі, олардың ата-аналары мен балалары) – 30 тәулік ішінде 2 реттен көп емес;

20) Қазақстан Республикасы азаматының отбасы мүшесі болып табылатын шетелдік азамат – туыстық байланыс фактісін растаса (күйеуі, (әйелі) олардың ата-анасы мен балалары) және егер де шетелдік азамат соңғы 15 тәулік ішінде COVID-19 коронавирус індеті көп таралған 1а тәуекел санатындағы елдердің аумағында болмаған болса, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес – 30 тәулік ішінде 2 реттен көп емес;

21) шетелдіктер – әлеуметтік маңызға ие компаниялардың қызметкерлері (мамандары), жекелеген жағдайлардың әрқайсысына арналып, Мемкомиссия бекіткен тізім бойынша.

 

Жүк автокөліктерін Мемлекеттік шекара арқылы өткізу келесі тәртіптерді сақтай отырып, жүзеге асырылады:

1) халықаралық жүк тасымалын жүзеге асыратын жүргізушілер – тек шетелдік паспортпен шекара арқылы өткізіледі (қай елдің азаматы болмасын);

2) Егер жүргізуші соңғы 15 тәулік ішінде 1а тәуекел санатындағы елдердің аумағында болған болса, онда санитарлық-карантиндік қызметтің қызметкерлері санитарлық-эпидемологиялық іс-шараларды өткізген жағдайда ғана көлік құралын шекара арқылы өткізуі мүмкін;

3) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен кетіп бара жатқан шетелдік жүргізуші және ол басқаратын жүк көлік құралы Мемлекеттік шекарадан қосымшаға сәйкес өткізу пункттерінде ғана өте алады;

4) Транзитсіз жүрген жүргізушілер мен көлік құралдары барлық қолданыстағы өткізу пункттері арқылы елге кіреді жіне елден шығады (қосымшада көрсетілген өткізу пункттерінің тізіміне қарамайды).

         Ақтау және Құрық теңіз порттарында жүк автокөлік құралдарының жүргізушілерінен басқа жолаушыларды тасымалдауға тыйым салынады. Жүктерді теңіз порттары арқылы асыру санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуымен жүзеге асырылуы тиіс. Экипаждардың кемеден шығуына тыйым салынады.

4. Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымыранды жіберу компаниясы шеңберінде қатысатын әуе кемелері мен жер бетіндегі техникаларды шекара арқылы өткізуді және ғарышкерлердің қонған жерін іздеу мен түскен ғарыштық объектілерді эвакуациялау бойынша іс-шараларды жүзеге асыруға, Қазақстан Республикасының аумағында болуға және Мемлекеттік шекараны кесіп өтуге Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары белгіленген тәртіппен рұқсат беруді ресімдеген жағдайда рұқсат етіледі.

5. 2020 жылғы 16 наурыз 08.00 ағаттан бастап ерекше өкім берілгенге дейін Қазақстан Республикасының, Ресесй Федерациясының және Қырғыз Республикасының азаматтары үшін Мемлекеттік шекарадан жеке куәлікпен (ішкі төлқұжатпен, ID-картамен) және туу туралы куәлікпен өту, төмендегі тұлғаларды қоспағанда тоқтатылды:

Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының азаматтары - пойыздардың және локомотивтік бригадалардың мүшелері, халықаралық қатынастарға жүк тасымалдауды жүзеге асыратын пойыздарға, теміржолдық жүк тасымалы процестеріне, жүктерге ілесіп жүру және қабылдау, тапсыру операцияларына қатысатын тұлғалар, трансшекаралық ғимараттарға қызмет көрсететін персоналдар;

Қазақстан Республикасының аумағына ішкі төлқұжатпен, ID-картамен және туу туралы куәлікпен бұрын келген Ресей Федерациясының, Қырғыз Республикасының азаматтары;

«Байқоңыр» кешеніне және Байқоңыр қаласының аумағына баратын Ресей Федерациясының азаматтары – қазақстан-ресей мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттері және әуе өткізу пункттері арқылы, соның ішінде «Крайний» аэродромында.

Қазақстан Республикасынан жалға алынған аумақтарда орналасқан өндірістік кәсіпорындардың және әскери құралымдардың, бөлімшелердің құрамына кіретін Ресей Федерациясының азаматтары мен олардың отбасы мүшелері;

Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиырхаты бар Ресей Федерациясының және Қырғыз Республикасының азаматтары;

отбасы мүшелерінің және жақын туысқандарының денесін (күлін) жерілеуге алып бара жатқан Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының, Қырғыз Республикасының азаматтары;

Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өз еліне транзитпен кетіп бара жатқан Қырғыз Республикасының азаматы қатарындағы жүк көлік құралдарының жүргізушілері.

6. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасына әуе өткізу пункттері арқылы келген Ресесй Федерациясының азаматтарын Мемлекеттік шекараның қазақстан-ресей учаскесіндегі автомобильдік өткізу пункттеріне дейін шығарып салуды қарастырсын.

7. Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымды дамыту минситрлігімен келісе отырып (соның ішінде жұмыс тәртібімен), одан әрі Мемкомиссияға ақпарат берумен шет мемлекеттердің дипломатиялық қызметтері ресми өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасы арқылы өз елдеріне транзитпен кетудің мақсатқа сайлығын мен мүмкіндігін анықтауға рұқсат беріледі.

Транзиттік жүк көлік құралдарының өтуіне арналып белгіленген автомобильдік өткізу пункттерінің

тізбесі

 

Қыргыз Республикасымен шекарада:

  1. пункт пропуска «Қарасу» өткізу пункті (Жамбыл обл.);
  2. пункт пропуска «Айша-бибі» өткізу пункті (Жамбылская обл.).

Өзбекстан Республикасымен шекарада:

  1.  «Қапланбек» өткізу пункті (Түркістан обл.);
  2.  «Қазығұрт» өткізу пункті (Түркістан обл.);
  3.  «Тәжен» өткізу пункті (Маңғыстау обл.).

Түркменстанмен шекарада:

  1.  «Темір баба» өткізу пункті (Маңғыстау обл.).

Қытай Халық Республикасымен шекарада:

  1.  «Нұржолы» өткізу пункті (Алматы обл.);
  2.  «Достық» өткізу пункті (Алматы обл.);
  3.  «Қолжат» өткізу пункті (Алматы обл.);
  4.  «Бахты» өткізу пункті (Шығыс Қазақстан обл.);
  5. «Майқапшағай» өткізу пункті (Шығыс Қазақстан обл.).

Ресей Федерациясымен шекарада:

  1.  «Қайрақ» өткізу пункті (Қостанай обл.);
  2.  «Жаңа Жол» өткізу пункті (Солтүстік Қазақстан обл.);
  3.  «Каракога» өткізу пункті (Солтүстік Қазақстан обл.);
  4.  «Шарбақты» өткізу пункті (Павлодар обл.);
  5.  «Үрлітөбе» өткізу пункті (Павлодар обл.);
  6.  «Қосақ» өткізу пункті (Павлодар обл.);
  7.  «Ауыл» өткізу пункті (Шығыс Қазақстан обл.);
  8.  «Убе» өткізу пункті (Шығыс Қазақстан обл.);
  9.  «Жайсан» өткізу пункті (Ақтөбе обл.);
  10.  «Әлімбет» өткізу пункті (Ақтөбе обл.);
  11.  «Сырым» өткізу пункті (Батыс Қазақстан обл.);
  12.  «Тасқала» өткізу пункті (Батыс Қазақстан обл.);
  13.  «Жәнібек» өткізу пункті (Батыс Қазақстан обл.);
  14.  «Құрманғазы» өткізу пункті (Атырау обл.).

 

 

 

 

[1]Ресесй Федерациясы мен Қазақстан республикасы арасындағы 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығын пайдалану тәртібі туралы келісім(объекті және жауынгерлік алаң Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан) Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі (1995 ж.20 қаңтар Мәскеу);

Қазақстан республикасы мен Ресесй Федерациясы арасындағы Сары-Шаған сынақ полигонын пайдалану мен жалға алу және Приозер қ. тіршілігін қамтамасыз ету шарттары туралы келісім (1995жылғы 20 қаңтар);