
2023 жылғы 24 маусымында алғашқы рет Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясы мен Шекара академиясының курсанттары бірге оқу орындарымен қоштасу рәсімін өткізді.
Салтанатты жағдайда ҰҚК басшылығы, ардагерлері мен курсанттардың ата-аналары қатысуымен 259 түлекке, оның ішінде 40 үздік курсантқа дипломдар мен төс белгілер тапсырылды.
ҰҚК Төрағасының орынбасары М. Қалқабаев құттықтау сөздерін жеткізіп, білікті мамандар әзірлегендері үшін оқу орындарының оқытушы құрамына алғыс білдірді.
Түлектерге қарата айтқан сөзінде, ол түлектерге ұлттық қауіпсіздік органдарындағы қызмет мықты адамдардың үлесінде бола береді деді. Сонымен қатар, қызметтік іс-қимыл учаскелерінде еліміздің мүддесін қорғайды деген сенімін айтты.
Іс-шара Жауынгерлік Тумен қоштасу және жуықта ҰҚК мен Шекара қызметінің офицерлік құрамын толықтыратын түлектердің салтанатты маршымен аяқталды.
ҰҚК баспасөз қызметі