ҰҚК футболдан республикалық турнир өткізді

ҰҚК футболдан республикалық турнир өткізді

2023 жылғы 3-22 маусым аралығында Астанада күштік құрылымдар арасында 8 команданың қатысуымен ҰҚК Төрағасы кубогына футболдан республикалық турнир өткізілді. 

Жарыс «ҚР Қауіпсіздік органдары күні» қарсаңында  Қазақстандық футбол Федерациясы мен Астана қаласының Мәдениет  және спорт басқармасының қолдауымен өтті.

Жүлделі орындар үшін ақтық кездесулер «Астана-Арена» стадионында өтті. Нәтижесінде 1 орынды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрама командасы, 2 орынды Төтенше жағдайлар министірлігі және 3 орынды Мемлекеттік күзет қызметі командалары иеленді.

Жеңімпаздар мен қатысушылар кубоктармен, медалдармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Салауатты өмір салты мен спортқа деген сүйіспеншілікті дәріптеуге арналған бұл турнир 2018 жылдан бері жыл сайын өткізіліп тұратын дәстүрлі іс-шараға айналған.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі