ҚР Ғылым және жоғары білім министрі ҰҚК Академиясына жұмыс сапарымен келді

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі ҰҚК Академиясына жұмыс сапарымен келді

2023 жылғы 8 сәуірде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясына Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жұмыс сапарымен келді.

Министр Академияның ғылыми және білім беру қызметінің негізгі бағыттарымен, оқу орнының инфрақұрылымымен, кадрларды даярлау кезінде қолданылатын тәсілдері мен технологияларымен танысты. 

Оқу орнының басшылық және ғылыми-педагогикалық құрамымен, курсанттарымен және тыңдаушыларымен кездесулер өткізді.

Кездесу барысында министр Қазақстанның жоғары білім беру жүйесін дамыту жоспарлары, әлемнің үздік жоғары оқу орындарының прогрессивті тәжірибесі, білім беру процестерін цифрландырудың маңыздылығы, қазақстандық ғылымның даму перспективалары және оның жоғары білім сапасын арттырудағы рөлі туралы айтып берді. 

С. Нұрбек курсанттармен және тыңдаушылармен 21 ғасырда сұранысқа ие құзыреттер, шет тілдерін меңгерудің маңыздылығы, цифрлық трансформацияның әлемдік трендтері туралы өз пікірімен бөлісті.

Кездесулер бүкіл аудиторияның қызығушылығын тудырып, ашық диалог форматында өтті.

Сапар соңында министр профессорлық-оқытушылар құрамына, курсанттар мен тыңдаушыларға ұлттық қауіпсіздік мүдделерін қамтамасыз ету үшін одан әрі кәсіби дамуды тіледі.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі