
2022 жылғы 21 қарашада ҰҚК бірінші Төрағасы отставкадағы генерал-лейтенант Баекенов Болат Әбдірахманұлы 80 жылдық мерейтойын атап өтуде.
Б.Ә. Баекенов отандық арнаулы қызметті құрудың басында болып, тәуелсіз Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне елеулі үлес қосты.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мерейтой иесіне ел игілігі жолында сіңірген көпжылдық мінсіз әрі жемісті еңбегі үшін алғыс жариялады.
Комитет Төрағасы генерал-лейтенант Е.А. Сағымбаев өзінің және кадрлық құрамның атынан Болат Әбдірахманұлын құттықтап, оның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қалыптасуы мен дамуындағы тарихи рөлін ерекше атады.
Сонымен қатар, бүгін мерейтой иесін басқа күштік құрылымдар басшылығы, ардагерлер және бұқаралық ақпарат құралдары құттықтап, жылы лебіздерін білдіруде.
Мерейтой құрметіне Алматы қаласында ҰҚК, МКҚ және ІІМ ардагерлері арасында бильярдтан турнир өткізілді.
ҰҚК Академиясы қабырғасында ҰҚК Төрағасының орынбасары генерал-майор М.Ө. Қалқабаевтың қатысуымен «бірінші Төраға кабинетін» салтанатты ашу рәсімі өтті.
ҚР ҰҚК баспасөз қызметі