
2022 жылдың 2 шілдесінде "Астана-Арена" стадионында еліміздің күш құрылымдары арасында футболдан ҰҚК Төрағасының Кубогы үшін республикалық турнир аяқталды. Барлығы сегіз команда қатысты.
Спорттық іс-шара ұлттық қауіпсіздік органдарының 30 жылдығына арналған. Финалда ІІМ командасын жеңген ҰҚК құрамасы кубок иегері атанды. Үшінші орынға МКҚ құрамасы жайғасты.