
ҚР ҰҚК Ақмола облысы бойынша департаменті өңірде жарылғыш заттарды ұрлаумен және оны заңсыз сатумен айналысқан қылмыстық топтың құқыққа қайшы әрекетінің жолын кесті.
Сонымен, 2019 жылғы 20 қарашада жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аммонит шашкалары мен капсюль-тұтандырғыштарды өткізу кезінде қылмыстық топтың екі мүшесі ұсталды.
Көпкезеңді жедел зерттеу барысында, 2019 жылғы қазан-қарашада осы қылмыстық топқа қатысушылардан 809 аммонит шашкасы және жалпы салмағы 200 кг артық аммониті бар 2 пакет, сондай-ақ 442 капсюль-тұтандырғыш алынды.
Ұсталған адамдар Көкшетау қ. ІІБ УҰИ-ға қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

