
2019 жылғы 29-30 қарашада Санкт-Петербург қаласында ТМД елдерінің әлеуетті құрылымдары мен аурнаулы қызметтерінің қызметкерлері мен ардагерлерінің арасында бильярд спортынан ашық кубок өткізілді.
Іс-шараға Қазақстаннан, Ресейден, Белоруссия и Молдавиядан 40-тан аса команда қатысты.
Турнир нәтижелері бойынша Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік органдарының командасы 2-орынға ие болды, оның құрамында болғандар: К. Зенов, Т. Уатаев, К. Аймұқанов және А.Аббасов. Одан басқа, ұйымдастырушылар қосымша VIP-турнир өткізді, оған 2-орынды иеленген полковник
Б. Қадірханов қатысты.
ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

