
2019 жылғы 15 қарашада ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласының прокуратурасымен өзара іс-қимылда Орталық Азия өңірі елдері азаматтарының Қазақстан Республикасына заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырған адамдар тобының қылмыстық әрекетінің жолын кесті.
Қылмыстық топқа Алматы қ. Көші-қон қызмет көрсету орталығының қызметкерлері, сондай-ақ шетелдіктерге құжаттар ресімдеуді жеделдету, оның ішінде № 086 үлгіде жалған анықтама беру жөнінде қызмет көрсеткен бірқатар делдалдар кірген.
Қылмыстық іс фигуранттарында тінту жүргізу нәтижесінде 40-тан аса шетелдік азамат төлқұжаты, 2 млн. артық теңге және Қазақстанда шетелдіктерді заңдастыру бойынша басқа да құжаттар алынды.
Көрсетілген топтың қылмыстық әрекеті жүйелі түрде және ұзақ сипатта болған. Шетелдіктер жалған мекенжайлар бойынша тіркеліп, жалған еңбек шарттары жасалған.
Қазіргі уақытта тергеу іс-шаралары жалғасуда.
ҚР ҰҚК баспасөз қызметі


