
2019 жылғы 6 тамызда Алматы облысы Кербұлақ ауданының соты РГД-5 жауынгерлік гранаталарын және оларға тұтатқыштарды өткізумен айналысқан адамдар тобына қатысты үкім шығарды.
Топқа қатысушылар ҚР ҚК 287-бабы 4-б., 361-бабы 1-б. көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оларға қауіпсіздігі орташа ҚАЖ мекемесінде өтеумен 3 жылдан 3,5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
2019 жылғы мамырда ҰҚК Алматы облысы бойынша департаменті жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатуға қатысы бар көрсетілген топтың құқыққа қайшы әрекетінің жолын кескен болатын.
ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
