
2019 жылғы қыркүйек-қазанда браконьерлік топ әрекетінің жолын кесу бойынша шараларды қатаңдату шеңберінде ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан және Қызылорда облыстарының, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларының аумағында ұзақ уақыт бойы мүйізін одан әрі ҚХР-ға контрабандалық жолмен сату, тасымалдау және шығару үшін заңсыз киік атуды жүзеге асырған ұйымдасқан қылмыстық топ әрекетінің жолын кесу бойынша жедел-тергеу іс-шараларын жүргізді.
Жедел-тергеу тобы тінту барысында 1 тонна 118 кг (3 мыңнан астам жануар) киік мүйізін алды. Мамандардың есебі бойынша, ҰҚТ-ның заңсыз әрекетінен мемлекетке келген зиян 5 млрд. 664,6 млн. теңгені құрайды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 262-бабы 2-б. (ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысу) және 339-бабы (өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша тіркелген СТБТ шеңберінде қылмыстық топтың 18 мүшесі (барлығы ҚР азаматы) ұсталды, оның 9-ы сот санкциясымен қамауға алынды.
Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.
ҰҚК Баспасөз қызметі


