Есірткі арнасын жою туралы

Есірткі арнасын жою туралы

2022 жылғы 20 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Тараз қ. есірткі құралдарын тасымалдауға және сақтауға қатысы бар деген күдікпен «А» деген азаматты ұстады.

Процессуалдық іс-шаралар барысында осы азаматтан 245 г «мефедрон» психотроптық заты табылды.

 

 

Ол қосымша 500 г «мефедроны» бар құпия орынды ерікті түрде тапсырды.

Алынған есірткінің алдын ала құны қара нарықта 10 млн. теңгеден асады.

 

 

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалы ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту және өткізу)  СТБТ-ға тіркелді.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі