С. Бимурзин мен Ф. Турсунов бойынша сот үкімі Парақшаны

С. Бимурзин мен Ф. Турсунов бойынша сот үкімі Парақшаны

2019 жылғы 21 тамызда Нұр-Сұлтан қ. Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша соты жауынгерлік қару өткізумен айналысқан қылмыстық топтың қатысушыларына үкім шығарды.  

Қылмыстық бизнесті ұйымдастырушы С. Бимурзин ҚР ҚК 287-бабы 4-б., ал оның істесі Ф. Турсунов ҚР ҚК 287-бабы 4-б. және 296-бабы 3-б. бойынша көзделген қылмысты жасағандары үшін кінәлі деп танылды.  

Көрсетілген адамдар тиісінше 5 және 4 жылға бас бостандығынан айырылды, бірақ құқық бұзушылықты бірінші рет жасағанын, кінәсін мойындағанын және тергеумен қарқынды ынтымақтастығын ескере отырып, жаза шартты түрде тағайындалды.   

2019 жылғы 15 ақпанда ҰҚК Нұр-Сұлтан қ. бойынша департаментінің қызметкерлері С. Бимурзиннен 605 мың теңгеге бәсеңдеткіші бар «ТТ» (Тульский Токарев) пистолеті мен 10 патронды бақылау сатып алуын жүзеге асырғанын атап өткен жөн.

2019 жылғы 18 ақпанда бәсеңдеткіші бар «ПБ» (Дыбыссыз пистолет) пистолеті мен 50 патронды 675 мың теңгеге бақылау сатып алуы жүзеге асырылды, ол Ф. Тұрсыновқа тиесілі «Kaspi Gold» банк картасына аударылды.

Ағымдағы жылдың 12 наурызында Алматы қ. ҰҚК Нұр-Сұлтан қ. бойынша департаментінің қызметкерлері мен ҚР Ұлттық ұланының «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлімшесі С. Бимурзин мен Ф. Турсыновты ұстады.

Ф. Тұрсыновтың тұрғылықты жері бойынша (Достық даңғылы, 116-үй) тінту барысында «Reck» маркалы газбен атылатын пистолет (сақтауға рұқсаты өзімен бірге болмады), салмағы 196 гр. марихуанасы бар үш полиэтилен пакеті, «Kaspi Gold» банк картасы, сондай-ақ іс үшін мәні бар өзге де заттар табылды.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі