ҰҚК ардагерлерімен кездесу туралы

ҰҚК ардагерлерімен кездесу туралы

2022 жылғы 23 ақпанда ҚР ҰҚК Төрағасы Ермек Сағымбаев «ҰҚК органдарының ардагерлері» және «ҰҚК Шекара қызметінің Застава тарландары» республикалық қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерімен кездесу өткізді.

Е.Сағымбаев ардагерлерге ұлттық қауіпсіздік органдарының күнделікті өміріне қатысқаны үшін алғыс білдірді.

Ол ҰҚК органдары қызметінің ағымдағы міндеттері мен басымдықтарын атап өтті.

Қаңтар оқиғаларына байланысты Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру барысы жеке қозғалды.

Ардагерлер ел Президентінің жүргізіп отырған саясатына және Комитет басшылығының ведомство қызметін реформалау бойынша қадамдарына жан-жақты қолдау білдірді.

ҰҚК Төрағасы офицерлердің жас буынын тәрбиелеуде және оларға тәжірибе беруде, патриоттық сезім мен қызметтік парызды сіңіруде ардагерлер рөлінің маңыздылығын атап өтті.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі