ҰҚК арнайы бөлімшелеріне арналған тактикалық-арнайы сабақтар

ҰҚК арнайы бөлімшелеріне арналған  тактикалық-арнайы сабақтар

2022 жылғы 21-22 ақпанда Апаттар медицинасы орталығы ҰҚК «А» АМҚ қызметкерлерінің төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимыл бойынша тактикалық-арнайы оқу-жаттығуларын ұйымдастырды. 

Практикалық тренингтерде медицина қызметкерлері арнайы мақсат жауынгерлерін денсаулық пен өмірге қауіп төндіретін жай-күйде көмек көрсетуге үйретті. ҰҚК қызметкерлері жаралану, қан кету, жүрек тоқтауы кезінде көмек көрсету дағдыларын зерделеді.

Сонымен қатар апаттар медицинасы дәрігерлерінің бақылауымен шартты түрдегі науқас әріптестерге, сондай-ақ арнайы манекендерге жан сақтау іс-қимылдары жүргізілді.

Бұдан басқа, ҰҚК қызметкерлері үшін шартты түрдегі өрт және жол-көлік оқиғасы жағдайында зардап шеккендерді табу, құтқару, эвакуациялау және оларға алғашқы медициналық жәрдем көрсету бойынша түтін камерасынан өтуден, кедергілер жолағын еңсеруден жаттығулар өткізілді.

Тактикалық сабақтар аяқталғаннан кейін қорытынды жасалып, қателіктерге талдап-талқылау жүргізілді.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі