Интернет арқылы синтетикалық есірткі өткізудің жолын кесу туралы

Интернет арқылы синтетикалық  есірткі өткізудің жолын кесу туралы

2022 жылғы 2 және 7 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Өскемен қаласында өңірлік синтетикалық есірткі арналарын ұйымдастыруға және оларды Интернет-дүкен арқылы өткізуге қатысы бар Қазақстан Республикасының екі азаматын ұстады.

Заңсыз айналымнан шамамен 1 кг мефедрон және «α-PVP» психотроптық заттары алынды.

Сотқа дейінгі тергеу материалдары ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша СТБТ-ға тіркелді.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі