
2021 жылғы желтоқсанда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Өзбекстаннан Қазақстанға заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырған «А.Д.», «К.Ш.», «С.Н.» және «Е.М.» деген өңір тұрғындары әрекетінің жолын кесті.
2022 жылғы 18 қаңтарда Түркістан облысы Жетісай ауданы сотының үкімімен көрсетілген адамдар Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 394-бабы 2-бөлігімен көзделген қылмыс жасауда кінәлі деп танылды. Әрбіреуі 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеуге сотталды.
ҚР ҰҚК баспасөз қызметі