
Бүгін ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына, Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының 100 жылдығына және Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық музейінің 30 жылдығына арналған «Нұр-Сұлтан-Қостанай» көпкүндік 800 шақырымдық велошеру басталды.
Велошеруге әуесқой велошабандоздар, соның ішінде ҰҚК ардагерлері Эрнст Баймұхамбетов (66 жас) пен Қайрат Ырғызбаев (57 жас) қатысты.
Велошеру сағат 9.00-де Нұр-Сұлтан қаласындағы Алтынсарин көшесінен басталды. Қозғалыс бағыты: Нұр-Сұлтан-Астрахан-Атбасар - Жақсы - Октябрь - Әулиекөл-Қостанай. Велошабандоздардың Қостанай қаласына келуі 28 тамызға, күннің екінші жартысына жоспарланған.
Веломарафон XIX ғасырдың көрнекті ағартушысының қазақ қоғамының дамуына қосқан баға жетпес үлесін өскелең ұрпаққа еске салу мақсатында өткізілуде, сондай-ақ ол қазақстандықтарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.
Велошабандоздарымызға педальдарының еш қиындықсыз айналуын, жылдамдық пен сенімділік тілейміз!
ҚР ҰҚК баспасөз қызметі