
2021 жылғы 21 тамызда Шекара қызметі Маңғыстау облысы бойынша департаменті мен Түпқараған аудандық балық инспекциясы бірлескен іс-шаралары барысында Қазақстан азаматының «Toyota Land Cruiser» автокөлігі ұсталды. Аталған автокөліктен салмағы 140 кг-ға жуық 38 дана бекіре тұқымдас балық табылды. Алдын ала бағалау бойынша келтірілген залал шамамен 39 млн теңгені құрайды.
Құзырлы органдар сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде браконьерлік іс-қимылдың жолын кесу жұмыстарын жалғастыруда.
ҚР ҰҚК баспасөз қызметі