Шекарашылар халықаралық іздеуде жүрген мемлекеттік шекараны бұзушыны ұстады

Шекарашылар халықаралық іздеуде жүрген  мемлекеттік шекараны бұзушыны ұстады

2021 жылғы 15 мамырда «Петропавловск» темір жолы өткізу бекетінде «Челябі - Петропавловск» бағыты бойынша жүретін жүк вагондарының арасындағы тұғырнамадан оператор бейнебақылау арқылы вагондар арасындағы қарайғанды байқап қалған. Түскен ақпаратты тексеру үшін дереу жолданған шекара наряды «П» есімді РФ азаматын ұстады.

Тексеру шаралары барысында ұсталған тұлғаның халықаралық іздеуде жүргені анықталды.

Материал сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, тергеулігі бойынша Солтүстік Қазақстан облысының Көліктегі полиция департаментіне берілді.

 

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі