Шекара бұзушы асыл тастармен ұсталды

Шекара бұзушы асыл тастармен ұсталды

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті жаңа үлгідегі техникалық құралдардың көмегімен Мемлекеттік шекара бұзушыны ұстады. Аталған шекараны бұзушы бекітілген өткізу орынынан тысқары жерден айланып өтіп Қырғызстаннан Қазақстанға қарай контрабандалық жолмен декларацияланбаған валюта, бес рубин және бір сапфир тасын алып өткізбекші болған.

Құқық бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 392-бабы (Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

 

ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі