
2021 жылғы 28 сәуірде Алматы облысының Қараой кентіндеи ҚР ҰҚК Шекара академиясының далалық оқыту басқармасының базасында Академияның ауыспалы құрамымен (курсанттармен) «Диверсиялық-барлау топтарын ұйымдастыру, іздеу жүргізу және жою; қарсыластың шекара заставасына кенеттен шабуыл жасауын тойтару; шекара заставасы учаскесінде қарулы басып кіруді тойтару» кешенді тактикалық оқу-жаттығулары өтті.
Аталған оқу-жаттығудың мақсаты курсанттарды әлеуметтік-саяси жағдайдың шиеленісуі және заңсыз қарулы құрамалардың іс-әрекеттері жағдайында бөлімшелердің қызметтік-жауынгерлік іс-қимылдарын ұйымдастыру және басқару бойынша шекара бөлімшесінің бастығы лауазымындағы практикалық іс-қимылдарға үйрету болып табылды.
Оқу-жаттығуға Шекара академиясының офицерлері, курсанттары, сондай-ақ ҰҚК ШҚ Кинологиялық орталығының және ҰҚК Авиациялық қызметінің өкілдері қатысты, жалпы саны – 450 адам.
ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі